Қызамық, шошқа мойын ауруларынан сақтаныңыз
Ауа-тамшы жолдарымен берілетін, адамдар арасында , оның ішінде балалар арасында жиі ұшырасатын жұқпалы аурулар қатарына қызамық,шошқа мойын аурулары жатады.
Бұл аурулардың барлығында да ауру көзі тек науқас адам болып табылады, яғни ауру адамнан сау адамға жұғады. Ауру қоздырғыштары ауру адам сөйлескенде, жөтелгенде, түшкіргенде ауа арқылы таралады. Бұдан басқа ауру ластанған тұрмыс заттары арқылы берілуі мүмкін. Егерде әйел екіқабат кезінде қызамықпен ауырса, құрсақтағы балаға да жұғады, бұл жағдайда 5 пайызға дейін өмірге туа пайда болған ақаулармен нәрестелер дүниеге келеді.
Қызамықтың клиникалық белгілері: науқас ауырғанда алғашқы кезде жөтеліп, тұмауратқан сияқты болады.Түшкіру, бас ауыруы, тамақтың ауруы, асқа тәбеттің төмендеуі, дене қызуының 39-400С-қа дейін көтерілуі, ең бастысы желке, мойын лимфа түйіндерінің ісінуі байқалады. 2-3 күннен кейін науқаста қызамыққа тән бір мезгілде ноқатты-папулезды бөртпелер пайда болып, ол бүкіл денеге тарайды. Ересектерде ауру ауырлау өтуі мүмкін. Ауру адам бөртпе пайда болғанға дейін 7 күн бұрын және бөртпе пайда болғаннан кейін 7 күн ішінде айналасындағы адамдарға дейін қауіпті, аурудың жасырын кезеңі 11-21 күнге дейін созылады. Ауру асқынғанда менингит, гайморит, лимфаденит, нефрит тәрізді ауруларға шалдығуы мүмкін.
Шошқа мойын ауруының қоздырғышы-вирус, адам организміне ауа тамшылары жолымен мұрын-көмекей кілегей қабаты арқылы енеді. Сол жерде вирус көбейіп, қан арқылы бүкіл организмге тарайды. Негізгі зақымданатын құлақ маңының сілекей бездері. Вирус сілекей бездерімен қатар ұйқы безі,қалқанша без,жыныс бездері,ми және т.б. органдарға еніп,қабыну туғызуы немесе бір мезгілде бірнеше органдарды зақымдауы мүмкін. Ауру жедел басталады. Дене қызуы 38-390 С-қа дейін көтеріліп,бас ауруы,қалтырау,әлсіздік,бұлшық ет ауруы,тамаққа тәбеттің төмендеуі байқалып, бір жақ құлақ маңы сілекей безі немесе екі жағы бірдей ісінеді, кейде бірінен кейін бірі ісінеді,ауырсыну болады.4-5 күннен кейін ісік қайта бастайды, 7-9 күні ісік толық қайтады. Ауру кейде асқынуларға ұласуы мүмкін (серозды менингит, ер балалардың жыныс органына әсер етіп, бедеулікке ұшыратуы мүмкін).
- катаралды құбылыстармен (дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, әлсіздік) байқалып және бөртпе шығып аурудың бірінші белгілері пайда болған кезде дәрігерге қаралып, жоғарыда аталған ауруларға тексеруден өтіңіз және дәрігердің барлық нұсқауларын орындаңыз
- ауыр жағдайларда жедел жәрдем шақыртыңыз
- дәрігер келгенге дейін туыстарымен, таныстарымен және басқа адамдармен байланысты шектеңіз
- жөтелген және түшкірген кезде бет орамалды немесе сулықты пайдаланып, ауызды және мұрынды жауып, қолды сабынмен жиі жуыңыз
- тыныс алу ағзаларының қорғаныш құралдарын (мысалы, бетперде немесе дәке таңғыш) пайдаланыңыз
Алдын алу шаралары : Жоғарыда аталған инфекцияларға қарсы ең нәтижелі шара-вакцинопрофилактика болып табылады. Елімізде егу шараларының күнтізбесіне сәйкес жоспарлы түрде баланың 1 жасында, 6 жасында қызылша, қызамық,шошқа мойынға қарсы құрамдастырылған ҚҚП вакцинасы егіліп келеді. Егілген балаларда 95 пайызда иммунитет қалыптасып, осы инфекциялармен ауру қаупі төмендейді.
Құрметті ата-аналар! Қызамық,шошқа мойынға қарсы вакцинация Сізді және Сіздің балаларыңызды аурудан қорғайды және болашақтағы дені сау ұрпақтың кепілі болып табылады.
А.Сатекеева,Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы