Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тез ұйықтауға көмектесетін 5 минуттық әдеттер

Тез ұйықтауға көмектесетін 5 минуттық әдеттер

Кей адамдар басы жастыққа тисе ұйықтап кетеді. Алайда барлық адам ондай емес. Жылдам ұйықтап кетуге көмектесетін бірнеше әдет ұсынамыз, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.


Әдетте ұйқысыздықпен қиналатын адамдар күні бойы шаршап жүреді де, түнде ұйықтап кете алмайды. Тез ұйықтап кетуге көмектесетін бірнеше әдет бар. Олардың әрбіреуін байқап көріп, өзіңізге сай келетінін таңдаңыз. 

Мазасыз ойлардан арылу

Адамдардың ұйықтап кете алмауының жиі кездесетін себебі – мазасыздық. Ойыңызда күні бойына болған жағдайлар мен диалогтарды қайталай бергеннен гөрі оларды күнделікке жазыңыз. Осылайша, миыңызды тазарта аласыз.


Гаджеттерді сөндіру

Ұялы телефон, компьютер немесе планшет сізге ұйқыға дайындалуға кедергі келтіруі мүмкін. Құрылғының көк жарығы ұйқы гормоны – мелатониннің табиғи бөлінуіне кедергі келтіреді. Сондықтан гаджеттерден ұйықтауға 30 минут қалғанда бас тарту керек. Қайта-қайта әлеуметтік желіге кіріп, алаңдай бермес үшін телефонды төсегіңізден алысқа қойыңыз.

Тыныс алу жаттығуларын жасаңыз

Түрлі тыныс алу жаттығуларын жасап көруге болады. Мысалы, төрт секунд бойы тыныс алып, төрт секундқа тынысты тоқтатып, төрт секунд бойы тынысты шығару керек. Тыныс алу жаттығулары ағзаны ұйықтауға дайындайды және тыныштандырады.
Жатын бөлмені желдету

Ауаның қолайлы температурасы – сапалы ұйқы үшін аса қажет шарт. Ауа жоқ бөлмеде ұйықтау жағымсыз және зиян. Алайда өте салқын бөлмеде де ұйықтауға болмайды. Ұйықтар алдында бөлмені желдетіп алған дұрыс.

Тыныштандыратын сусындар ішу

Кей сусындар ағзаны ұйықтауға дайындайды. Мысалы, шие шырыны, түймедақ шайы, жалбыз шайы және жылы сүт.

Сурет: ашық дереккөз 
13 қазан 2024 ж. 78 0