Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қай жұлдызнама белгілерінің миллионер болуға барлық мүмкіндігі бар?

Қай жұлдызнама белгілерінің миллионер болуға барлық мүмкіндігі бар?

Астрологтар әр жұлдызнама белгісі өкілдерінің өздеріне тән ерекшеліктері мен қасиеттері бар екенін айтады. Кей жұлдызнама белгілері өкілдерінің бай болуына барлық мүмкіндігі бар, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Sterlegrad-қа сілтеме жасап.

Байлық үш құрауыштан тұрады: жақсы инвестиция, ақылға қонымды шығындар және ақшаны дұрыс ұстай білу. Кейбіреулер бұл формулаға орынды тәуекелді де қосады. Жер белгілері ақша жинауға және ақшаны орынды жұмсауға қабілетті келеді: Бикеш, Торпақ және Тауешкі. Ал қаржылық жағынан Тоқты, Сарышаян және Суқұйғыштардың жолы болғыш. Бұл жұлдызнама өкілдерінің белгілері бір-бірімен неке құрса немесе іскерлік серіктес болса, өз жағдайларын арттыра алады.


Статистикаға сәйкес, ең үлкен байлыққа Бикештер ие. Бұл олардың ақшаны жақсы табуымен ғана емес, оларды дұрыс басқаруымен, орынды жұмсауымен және үнемдеуді де білетіндігімен түсіндіріледі. Бикештердің қаржылық істерінде тәртіп бар, олар міндетті шығындарға және демалуға қанша қаражат бөлінгенін нақты біледі. Бикештердің туабіткен жинақтаушылық қабілеті бар.

Әлемдегі ең бай адамдар – Билл Гейтс, Уоррен Баффет және Карлос Слим. Олардың жұлдызнама белгілері сәйкесінше - Сарышаян, Бикеш және Суқұйғыш. Әрине, мультимиллиардерлердің арасында көптеген Бикештер бар, бірақ әлемдегі ең байлар – Сарышаяндар. Ақыл мен сәттіліктің керемет үйлесімі. Олар бос шығынға бейім емес, ақшаны қалай сақтау керектігін біледі және оны одан әрі дамытуға жұмсайды. Суқұйғыштар – ақшамен тәуекел жасаудан қорықпайды, өйткені олар материалдық құндылықтарды бірінші орынға қоймайды. Сондықтан олар әрқашан жеңіске жетеді. Бикештерге ақшамен ортақ тіл табу қиын, бірақ егер тапса, ақша олардан ешқашан кетпейді.

Балықтарды да атап өткен жөн. Олар нағыз жаңалық табушылар, олардың арасында көптеген өнертапқыштар бар. Бірақ олардың негізгі кемшілігі - немқұрайлылық. Оны жеңуді үйренген Балықтардың жолы болады. Тоқтылар мен Торпақтар оларға мүлдем қарама-қарсы: олар жаңасын ойлап таппайды, бірақ ескіден пайда көреді.

Сурет: ашық дереккөзден алынды
17 қазан 2024 ж. 96 0