Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ішкі сауда субъектілерін мемлекеттік қолдау туралы

Ішкі сауда субъектілерін мемлекеттік қолдау туралы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) Ішкі сауда субъектілеріне жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларын (бұдан әрі - Қағидалар, ҚР Сауда және интеграция министрінің 2024 жылғы 21 маусымдағы № 262-НҚ бұйрығымен бекітілген) бекітті.
Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қолдау шаралары екі құралмен ұсынылған:
1. пайыздық мөлшерлемені субсидиялау;
2. кредиттер бойынша кепілдік беру;
Бұл құралдар алушылардың 4 тобына арналған:
-    сауда нарықтарын жаңғырту;
-    сауда объектілерін салу, кеңейту/реконструкциялау;
- үй жанындағы дүкендердің, кооперативтік дүкендердің айналым қаражатын толықтыру;
-    бағдарламалық қамтамасыз етуді (ІТ-құралдар) әзірлеу.
Аталған бағдарламаға Астана, Алматы, Шымкент қалалары және сауда-ойын-сауық орталықтары  қатыспайды.
Бағдарламаның шарттары бойынша облыс орталықтарында  жобаларды іске асыратын ішкі сауда субъектілері үшін кредиттер сомасы 3 млрд. теңгеден аспауы тиіс. Моно- және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде жобаларды іске асыратын ішкі сауда субъектілері үшін кредит сомасы 1,5 млрд. теңгеден аспайды.
Субсидиялау мерзімі:
  • инвестициялық мақсаттарға - 5 жылдан аспайтын;
-    айналым қаражатын толықтыруға - 3 жылдан аспайды.
Айта кету керек, моно- және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде ЭҚЖЖ бойынша шектеусіз барлық сауда қолдауға ие (46 «Автомобильдер мен мотоциклдерді сатудан басқа көтерме сауда» және 47 «Автомобильдер мен мотоциклдерді сатудан басқа бөлшек сауда» ЭҚЖЖ).
Мемлекет үшін субсидиялауды ескере отырып, кредит мөлшерлемесі 10,75% -ды құрайды, қарыз алушы - 85% -ды төлейді. Бағдарламаға Home және Kaspi банктерінен басқа барлық ЕДБ қатысады.
Жетіспейтін кепілдікті қамтамасыз етуді қамтамасыз ету үшін ішкі сауда субъектілері кредиттерге кепілдік беру түріндегі құралды пайдалана алады:
- жұмыс істейтін субъектілер кредит сомасының 50% дейін;
- бастауыш субъектілер (тіркеу мерзімі 3 жылдан аспайтын) кредит сомасының 85% дейін.
Кепілдік кредиттің бүкіл мерзіміне беріледі.
Ішкі сауда субъектілерінің жобаларына экономикалық қызметтің мынадай түрлеріне сәйкес қолдау көрсетіледі:
ЭҚЖЖ 46.90.3 «Көтерме-тарату орталықтарын қоса алғанда, сауда алаңы 2000 шаршы метрден астам (2000 шаршы метр және одан жоғары) сауда объектілерінде қандай да бір нақтылаусыз тауарлардың кең ассортиментін көтерме саудада сату»;
ЭҚЖЖ 47.11 «Мамандандырылмаған дүкендерде негізінен тамақ өнімдерімен, сусындармен және темекі бұйымдарымен бөлшек сауда жасау» (сауда объектілерінің ауданы 2000 шаршы метрден кем және одан көп);
ЭҚЖЖ 47.19 «Мамандандырылған емес дүкендердегі өзге де бөлшек сауда»;
ЭҚЖЖ 47.91.0 «Тауарларға пошта арқылы немесе Интернет желісі арқылы тапсырыс беру жолымен бөлшек сауда»;
ЭҚЖЖ 68.20.3 «Меншікті немесе жалға алынған сауда нарығын жалдау (қосалқы жалдау) және басқару»;
Сауда-ойын-сауық орталықтарын қоспағанда, ЭҚЖЖ 68.20.4 «Сауда қызметіндегі меншікті сауда жылжымайтын мүлігін және көп функционалды кешендерді жалға алу және басқару»;
ЭҚЖЖ 68.20.5 «Сауда-ойын-сауық орталықтарын қоспағанда, жалға алынған сауда жылжымайтын мүлігін және жалға алынған көп функционалды кешендерді жалға алу (қосалқы жалға алу) және басқару».
Iшкi сауда субъектiлерiн жоғарыда көрсетiлген мемлекеттiк қолдау экономикалық белсендiлiктiң өсуiне, әлеуметтiк салаға, шағын және орта бизнестi дамытуға, сондай-ақ сауда инфрақұрылымын дамытуға бiрқатар оң әсерiн тигiзедi.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция
министрлігінің Қызылорда облысы бойынша
сауда және тұтынушылардың құқықтарын
қорғау департаменті
18 қазан 2024 ж. 70 0