Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды

Қызылордада өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды

Бүгін Қызылорда қаласы Махамбет ауылында шаруашылық құрылыс өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Барлау барысында өрт сөндірушілер өртке оранған құрылыстан 2 газ баллонын тауып алды. Ыстық әрі қысымның жоғарылауына байланысты деформацияға ұшыраған баллондар суытылып, қауіпсіз жерге шығарылды.

Өрт кәсіби өрт сөндірушілермен даму кезеңінде сөндірілді. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Сурет: ашық дереккөз
25 қазан 2024 ж. 31 0