Қытайлық инвесторлар Қазақстанда дәнді дақылдарды терең өңдеу жобаларын жүзеге асырмақ

«Қытайлық компаниялардың бірі бізде тиамулин өндіру үшін жүгеріні терең өңдеу зауытын салуға дайын. Бұл мал шаруашылығында қолданылатын танымал дәрі. Кейіннен өнімді әлемдік нарықтарға, оның ішінде Қытайға экспорттау жоспарлануда. Сондай-ақ біз астықты терең өңдеумен айналысатын компаниямен келістік. Оның басшылығы Ақмола облысында түрлі тағамдық қоспалар шығаратын кәсіпорын салуды жоспарлап отыр. Инвестиция сомасын қытай тарапы $650 млн көлемінде қамтамасыз етеді», — деп атап өтті «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ержан Елекеев.Айта кетейік, ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында бизнес өкілдерінің қатысуымен өткен Қазақстан-Қытай инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты.
Оның аясында қытайлық компаниялармен құны 2,5 млрд доллар болатын келісім жасалды.
kaz.inform.kz