Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » М.Жайымбетов: «Face ID» жүйесін бала-бақша, жекеменшік мектептерге және артспортқа енгізу қажет

М.Жайымбетов: «Face ID» жүйесін бала-бақша, жекеменшік мектептерге және артспортқа енгізу қажет

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды.
Заң жобасы өте қызу талқыға түсті. Талқылауда Мархабат Жайымбетов өз пікірін ортаға салды.
Пікірге түрткі болған мәселе – баланы емес, бизнесті ойлап, есепсіз кетіп жатқан қаржылар.
– Дұрыс жұмыс істемейтін жеке балабақшаларға, мектеп пен артспортқа қаржы бөлуінде мәселе бар. Бұл дегеніміз олардың қыз­меті ашық емес екендігінде күмән келтіреді. Енді қызмет көрсету сапасын арттыра­тын кез келді.
Қызылорда облысының әкімі «Face ID» жүйесін енгізгелі бері 18 млрд.теңге қаражат үнемдеген. Бұны тек бір облыс енгізіп отыр. Қалған басқа облыстарды енгізсек 100-деген млрд. үнемдейміз. Неге ол қаражатты балдардың сапалы ілім мен білім алуына жұмсамаймыз?
Бізге ең басты мақсат баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз қажет. Қазір мемлекеттік органдар ғимараттардың кіре берісінде, қажет десеңіз үйдегі подъездерге «Face ID» жүйесі бар.
«Face ID» жүйесін бала-бақша, жекеменшік мектептерге және артспортқа енгізуге не кедергі?
Жекеменшік балабақшалар, сондай-ақ мектептердің «Қазаншының өз еркі, қайдан құлақ шығарса» деген ұста­нымнан аулақ болуы қажет.
Ал білім мен тәрбие беру ісі – бизнес емес, елдің болашағы екенін қаперде ұстасақ екен, – дейді Мәжіліс депутаты.
07 қараша 2024 ж. 62 0