Қотыр ауруынан сақтанайық

Қотырмен ауырған науқастар зақымданған жерін қасып, ол жерге ірің тудыратын микроорганизмдер ұялап қалады. Сондықтан қотыр асқынған кезде кейде іріңді бөртпелер пайда болады, ол қотырдың негізгі белгілерін бүркемелеп тұрады. Асқынған жағдайда зәрде, қанда өзгерістер пайда болып, буындары қабынып, дене қызуы көтеріледі. Қотырдың алғашқы белгісі білінісімен жедел дәрігерге қаралған жөн.
Ауру үй жағдайында емделген кезде бөлек бөлмеде оқшаулануы керек. Науқас жатқан бөлменің еденін күнде жуып, жиһаздарды сабын, соданың 1-2 пайыздың ертіндісімен сүртіп отырған жөн. Қотыр ауруын жұқтырып алмас үшін қолды жиі-жиі сабындап жуып, апта сайын моншаға түсіп, дененің таза болуын қадағалау қажет.
Қотырды малдардан да жұқтыру мүмкін болғандықтан, үйге жабайы мысықтар мен иттерді жолатпаған жөн. Үй мысықтары мен иттерде аурулардың белгілері байқалса дереу оларды мал дәрігеріне көрсету қажет. Малдарды бағып-күтім жасағанда арнайы жұмыс киім, қолғап кию керек, жұмыс аяқталған соң қолды екі мәрте иіс сабынмен жақсылап жуу қажет.
Қарапайым тазалық шараларын сақтап, қотыр ауруынан сақтанайық, ағайын!
А.Балшамбаева
Арал аудандық СЭБ басқарма
басшысының орынбасары