Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандағы теміржол тасымалы: Антикор заңбұзушылықтарды анықтады

Қазақстандағы теміржол тасымалы: Антикор заңбұзушылықтарды анықтады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет теміржол жолаушылар тасымалын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Көлік министрлігінде өткен жиында жолаушылар тасымалын субсидиялау жүйесінде елеулі заңбұзушылықтар талқыланды. Мемлекеттік қолдау есебінен айтарлықтай табыстарға қарамастан, көрсетілетін қызметтердің тиісті сапасын қамтамасыз етпейтін жекелеген жеке тасымалдаушылардың мәселелеріне ерекше назар аударылды.
"Бұл жолаушылар вагондарының санитарлық және техникалық жағдайына қатысты шағымдарына әкеледі. Сонымен қатар, билет тапшылығы және азаматтарға қолайсыздық тудыратын пойыздардың тұрақты кешігуі мәселелері атап өтілді", - делінген хабарламада.
Отырыс қорытындысы бойынша, Антикор субсидияларды есептеу әдістемесін қайта қарауды, субсидиялау жүйесін цифрландыру, тиімді мониторинг пен бақылауды қамтамасыз ету (поездарды тексеруді аудио-бейнетіркеу, қызметтер сапасы мен айыппұл санкциялары жүйесін бағалау өлшемшарттарын белгілеу), тасымалдаушы компанияларда аудит жүргізу, сондай-ақ жаңа вагондардың үлесін ұлғайту мәселелерін пысықтауды ұсынды.
25 қараша 2024 ж. 65 0