Елімізде үйге кезекке тұру тәртібі өзгерді

Жаңа тәртіп бойынша баспана кезегін Отбасы банк жүйелеп реттейді. Банк тұрғын үйді бөлу кезінде баспанаға мұқтаж азаматтарды есепке қою күні мен табыс деңгейіне баса мән береді. Бұл — бірінші кезекте, ұзақ уақыт кезекте тұрған адамдарды баспанамен қамтуға мүмкіндік береді. Әзірше, құжаттарды Egov порталы арқылы тапсыруға болады. Заң күшіне енгенімен,«Отбасы банкі» алты айдан кейін жұмысты толық бастайды.
Бұрындары баспана алу үшін тұрғындар жергілікті әкімдіктерге барып, тіркелетін еді.