Дауларды татуластыру рәсімдерін қолдану арқылы реттеу

Мәселен, өткен аптада аудандық сотта 3 азаматтық іс медиация тәртібімен тоқтатылса, қарыз ақша өндіру туралы 3 талап қою тараптардың сотқа дейінгі хаттаманы толтыруы арқылы татуласуымен реттелген.
Сондай-ақ, бұлардан бөлек, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі аясында қаралған 1 әкімшілік іс медиация тәртібімен аяқталса, 1 қылмыстық іс тараптардың татуласуларына байланысты тоқтатылған.
Осылайша тараптар істі бітіммен аяқтап, ұзақ уақытқа созылатын сот процестерінен құтылып, уақыттарын, қаражаттарын және бір-біріне деген бұрыңғы қарым-қатынастарын сақтап қалды. Бұл жоғарыда аталған татуластыру рәсімдерінің қажеттілігі мен тиімділігін аңғартса керек.
Арал аудандық соты