Дауларды татуластыру рәсімдерін қолдану арқылы реттеу

Осының негізінде тараптардың ымыраға келуі арқылы азаматтық істердің медиация тәртібімен тоқтатылу рәсімдері жиі кездеседі.
Мәселен, өткен аптада аудандық сотта 3 азаматтық іс медиация тәртібімен тоқтатылса, қарыз ақша өндіру туралы 3 талап қою тараптардың сотқа дейінгі хаттаманы толтыруы арқылы татуласуымен реттелген. Сондай-ақ, некені бұзу туралы 1 талап қою ерлі-зайыптылардың татуласуларына байланысты қараусыз қалдырылған.
Осылайша тараптар істі бітіммен аяқтап, ұзақ уақытқа созылатын сот процестерінен құтылып, уақыттарын, қаражаттарын және бір-біріне деген бұрыңғы қарым-қатынастарын сақтап қалды. Бұл жоғарыда аталған татуластыру рәсімдерінің қажеттілігі мен тиімділігін аңғартса керек.
Арал аудандық соты
Фото: tolqyn.kz