«Әлем мұғалімі» атағына үміткер ұстаздар
Астанада «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығының финалистері анықталды. Үздіктер қатарында Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Гүлзат Шынтасова мен Жадыра Әжібаева бар. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте олар ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
Байқауға еліміздің барлық аймағынан 2200-ден астам мұғалімнен өтініш түскен. Нәтижесінде 50 финалист таңдалып, олардан ТОП-10 үздік педагог анықталды. Г.Шынтасова сол ондықтың қатарында. Сырбойылық ұстаз алғашқы болып марапат төрінен көрінді. Қаржылай жүлде мен «Әлем мұғалімі» байқауына жолдаманы оған Global Teacher Prize жаһандық сыйлығының 2023 жылғы жеңімпазы пакистандық Зеф ханым табыстаған.
– Шара әлемнің түкпір-түкпірінен мұғалімдер, ғалымдар мен сарапшылардың басын қосқан Nobel Fest & Teacher Summit білім беру форумы аясында болды. Бұл – Varkey Foundation бекіткен Global Teacher Prize халықаралық байқауының қазақстандық кезеңі, – деді Гүлзат Бурабайқызы.
Сонымен қатар аталған сайысқа Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жадыра Әжібаева да қатысып, ТОП-50 қатаранан көрінді.
– Бұл байқауда мұғалімдер жоғары академиялық жетістіктерін, білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлестерін көрсетіп, азаматтық белсенділігі мен маңызды әлеуметтік жобалары арқылы қоғамға пайдалы жұмыстарымен бөлісті, – деді ол.

«СБ» ақпарат