Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақтөбеде мектеп оқушысын қатарластары пышақтап тастады

Ақтөбеде мектеп оқушысын қатарластары пышақтап тастады

Ақтөбеде пышақ жарақатын алған оқушы жансақтау бөлімінде жатыр. Оны телефонын бермегені үшін қатарластары пышақтап тастаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Оқиға Ақтөбе шетіндегі Оңтүстік-батыс ықшамауданында болған. Оқушыға пышақты өз үйінің қасында салыпты. Күдіктіні тәртіп сақшылары тергеп жатыр. Ол қаладағы колледждердің бірінің студенті екен. Бұрын бір мектепте оқыған. Жарақат алған жасөспірім оқитын мектеп басшылары екеуінің дос екенін айтады. Санына пышақты «абайсызда салып алды» дейді.  Полицейлер қылмыстық іс қозғады.
Санының төменгі үштен бір бөлігі жарақаттанған. Тамырға зақым келмеген. Жанама беткей тамырлары зақымдалған. Түскен кезде ота бөлімінде алғашқы өңдеу жасалып, жарақатына тігіс салынды. Айтуынша, танымайтын үш-төрт бала телефон сұраған. Бұл телефонын бермеген. Пышақтаған, сосын қашып кеткен, - деді Ақтөбе облысы балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі Рақымжан Әубәкіров.
Ақтөбедегі №10 мектеп директоры Индира Бексұлтанова оқиғаны абайсызда болған деп түсіндірді.
28 қараша 2024 ж. 112 0