Туризм күні атап өтілді
Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Туристерді жағымды пікір ғана емес, қайта тұмса табиғат, тылсым құбылыс, ғажайыптар, тәуекелдер, бұрын-соңды болмаған жаңалықтар, басқа да оларды өз елдерінде бола бермейтін ерекше жағдай мен көңіл күйлер шақырады. Оның бірі – экологиялық туризм. "Экологиялық туризм" ұғымы жер шарының адам аяғы баспаған, әрі пайдаланылмаған жерлерімен саяхат жасауды ғана білдірмейді. Қазіргі уақытта бұл ұғым кең ауқымды қамтиды. Ол экологиялық туризмнің басты мақсатымен анықталады: табиғатпен бірігу, оның түпкілікті маңызын ұғыну және қорғау қажеттілігін түсіну. Сондықтан туризмді адамзаттың «ашық» ортада болуымен сипаттауға болады. Сонымен қатар, оның көркемдік, экзотикалық, қайталанбас табиғат құбылыстары мен объектілер арасындағы тығыз байланысты білдіретін, адамның ғылыми аймақтанушылық қажеттіліктерін қанағаттандыруын білдіруге болатынын айта кетуіміз керек.
Халықаралық туризм күні —1980ж 27 қыркүйегінен бастап жыл сайын аталып өтілуде. Туризмнің мәдениет саласын дамытудағы үлкен жетістігіне, әлем халықтар арасындағы достықты нығайтуға бағытталған жұмыстарды насихаттау мақсатында аталып өтуде.
Осы орайда, Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығында «Өлкемізді танып-білейік!» атты шарасы өтті. Шарада мекеме қызметкерлері туризмнің түрлерін, экологиялық туризмнің маңызы мен өңіріміздің қайталанбас табиғи аумақтары туралы ақпарат берді.
Барсакелмес мемлекеттік
табиғи қорығы