Қазақстанда дәрі-дәрмек қымбаттады
Қазақстанда дәрі-дәрмек қымбаттады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Республика бойынша дәрі-дәрмек бағасы бір жылда 10,5%-ға өскен. Дәрігер қызметінің бағасында да өсім байқалады.
Қазақстанда елге қажетті дәрі-дәрмектің 20% ғана өндіріледі. Басқа барлық позициялар бойынша еліміз толығымен шетелдік компанияларға тәуелді. Дәрі-дәрмек бағасына доллар бағамы да айтарлықтай әсер еткен. Өйткені, дистрибьюторлық және көтерме сауда компаниялары өндірушілермен шетел валютасында келісімшарт жасайды. Мысалы бір жыл ішінде ең танымал дәрілердің, соның ішінде ацетилсалицил қышқылының бағасы 28%-ға дерлік өскен.
3 млрд теңге жетіспейді: Медициналық сақтандыру қоры комиссиялық мөлшерлемені арттырмақ
Қазақстанда дәрі-дәрмектің шекті бағасы қайта есептеледі
“Ацетилсалицил қышқылы. Барлығына деректердің матрицалық кодын енгізу қажет. Термиялық әдіспен жасау үшін 200 градусқа жуық жоғары температураны қажет етеді. Бұл препаратқа теріс әсер етуі мүмкін. Сәйкесінше, барлығын бөлек басып шығарып, әр қаптамаға жеке-жеке жабыстыру керек. Бұл бағаны қымбаттап жатыр”, – дейді Қазақстандық тәуелсіз дәріханалар қауымдастығының төрағасы Талғат Омаров.
Жыл басынан бері Алматыда 100-ден аса дәріхана жабылып қалған. Дәріхана иелері жаңа енгізілген лицензиялау ережесіне байланысты дәрі-дәрмек тапшылығы да бар екенін атап өтті.
“Қазір қыс мезгілі. Вирусқа қарсы препараттарымыздың жартысы нарықтан жоғалып кетті. Екі себеп бар: таңбалау және сертификаттау. Ресми түрде нарықта жоқ дәрілердің барлығын кез келген онлайн платформадан сатып алуға болады. Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі шағын дәріханалар мен үйлердің жанындағы дәріханалар үлкен желілердің бәсекелестігіне төтеп бере алмай жабылып жатыр”, – дейді дәріхана иелерінің бастамашыл тобының өкілі Камилла Коберидзе.
Еліміздегі дәрігерлік амбулаториялардағы медицина мамандарының қызметі де 10%-ға дерлік, медициналық зертханалар мен рентгендік аппараттар – 11,5%-ға, тіс дәрігерлерінің қызметі 13%-ға қымбаттаған.
Сурет: stan.kz