Балық – халық байлығы

Міне соның нәтижесінде балық шаруашылығымен жергілікті халыққа айналысуға мол мүмкіндік туып отыр. Сол мүмкіндіктің арқасында біз де аудан экомикасының дамуына үлесімізді қосып келеміз.
Балық шаруашылығы жайында көптеген сауалдар бар. Көпшілік балық аулауды осы салаға балайды. Алайда тек аулап қана қоймай, балықтың өмір сүруіне жағдай жасау қажет екенін естен шығармаған абзал. Мәселен балық шаруашылығы комитетінің «Балық шаруашылығы су айдындарында «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясын өткізу туралы» 01.03. 2024 жылы №30-9/36 бұйрығын, Қызылорда облысының әкмідігімен «2024 жылдың 1 наурызы мен 31 мамыр айлары аралағында балық шаруашылығы су айдындары мен учаскелерінде «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясын өткізудің іс-шара жоспары бекітілген. Бұл тапсырма біз айтқып отқан дүниенің қажеттілігінен туындаған сауал. Сол жоспарға сай 2024 жылдың мамыр айының 27-ы күні біз де Кіші Арал теңізінің №11 учаскесінде аталған акциясы жұмыстары өткіздік. 8 адам және 1 автөкөлік, 4 қайық және керекті құрал-жабдықтар мен техникалардың көмегімен су айдыны тазартылды.
Соның нәтижесінде иесіз қалдырылған, суды ластап жатқан аулардың қалдықтарын сүзу, жағалау аумақтарын тұрмыстық қалдықтардан тазарту, қамыс және су өсімдіктерінің қалдықтарын тазарту жұмыстары атқарылып, барлығы 2 тонна зиянды заттар жиналып, қоқыс полигонына тасымалданды.
Мұнан бөлек теңіз айдандарына балық шабақтарын жіберу жұмыстары да жүргізілді. Бұл да балық шаруашылығының негізгі саласының бірі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған әр жылдардағы Жолдауында ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес деген сөзін негізге алған Арал ауданы Президенттің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін әлдеқайда ұлғайту жөніндегі үстіміздегі жылы өткен кеңейтілген отырыстағы тапсырмасы аясында тыңғылықты іс тындыруда.
Ата кәсіптен қол үзбей балықты молайтуға күш салған табиғат пайдаланушылар алдағы кезеңдерде балық қорын еселеудің маңыздылығын естен шығарған емес, шығармайды да. Себебі, балық – халық байлығы. Осы кәсіптен нәпақа тапқан балықшылар Кіші Аралдан зор үміт күтіп, шағын көлдер арқылы үлкен-кішіні жұмыспен қамтиды. Ендеше, несібесін теңізден тапқан елдің балық өнімін одан әрі арттырып, әлеуметтің әлеуетін жақсарта түсетініне сенім мол. Оған мемлекетіміз және облыс, аудан тарапынан жасалып жатқан жан-жақты қолдаулар айқын дәлел.
С.ЖАҢАБАЕВ
«Ар-М-КОН» ЖШС директоры