Елімізде алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

"Қазгидромет"-тің хабарлауынша, солтүстік-батыс және шығыс өңірлерде қар жауса, оңтүстік-батыста қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Тек еліміздің оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Синоптиктер батыста бұрқасын, тұман, екпінді жел және көктайғақ болатынын ескертеді.
Түнде орталық пен шығыста 20-25 градус аязға дейін ауа температурасы төмендеуі мүмкін. Ал қалған аумақтарда температуралық фонда өзгеріс болмайды", – деді "Қазгидромет" РМК инженер-синоптик Назерке Сүгірәлі.
Сурет: baq.kz