Жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген зиянды өндіру туралы дау медиациямен реттелді
Арал аудандық сотында талап қоюшы Т-ның жауапкер Ә-дан жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген мүліктік зиянды өндіру туралы азаматтық ісі медиация тәртібімен реттелді.
Талап қоюшы талабында, 3 тамыз 2024 жылы жауапкердің кінәсінен жол-көлік оқиғасы орын алғанын, жауапкер жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген қағидаларын сақтамай көлігіне соқтығысқанын көрсетіп, жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген 559 637 теңге мүліктік зиян өндіруді сұраған.
Істі негізінен қарау барысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келіп, оны бекіту үшін сотқа ұсынған.
Медиациялық келісімнің шарттары бойынша, жауапкер талап қоюшыға берешегін ай сайын 50 000 теңгеден төлеп құтылуға міндеттенген, ал талап қоюшы келісім талаптарын қабылдаған.
Сот ұйғарымымен дауды реттеу туралы келісім бекітіліп, іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.
Арал аудандық соты