Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тараптар дауды татуласу келісімімен аяқтады

Тараптар дауды татуласу келісімімен аяқтады

Арал аудандық сотында талап қоюшы А-ның жауапкер Т-дан жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген шығынды өндіру туралы азаматтық ісі татуласу келісімімен реттелді.
Талап қоюшы талабында, 31 қазан 2022 жылы жауапкердің кінәсінен жол-көлік оқиғасы орын алғанын, жауапкер жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген қағидаларын сақтамай көлігіне соқтығысқанын көрсетіп, оның салдарынан келтірілген 120 000 теңге материалдық шығын өндіруді сұраған.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік заңнамасында даулар мен жанжалдарды альтернативті түрде шешу тәсілдері қарастырылған, солардың бірі татуласу келісімі болып табылады.
Сотпен тараптарға дауды татуластыру рәсімдері арқылы шешу құқықтары және олардың құқықтық салдары түсіндірілгеннен кейін, тараптар татуластыру рәсімдерінің осы тәсілін таңдап, сотқа өзара жасасқан татуласу келісімін бекіту үшін ұсынып, іс жүргізуді тоқтатуды сұраған. Татуласу келісімінің шарттары бойынша, жауапкер талапты мойындап, берешек соманы наурыз-тамыз айларында төлеп құтылуға міндеттенген.
Сот ұйғарымымен татуласу келісімі бекітіліп, іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.

Арал аудандық сотының баспасөз қызметі
10 наурыз 2023 ж. 304 0