Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тараптар дауды татуласу келісімімен аяқтады

Тараптар дауды татуласу келісімімен аяқтады

Арал аудандық сотында талап қоюшы Б. мен жауапкер Ж. арасындағы мүліктік дау татуласу келісімін жасасумен аяқталды.
Талап қоюшы талабында жауапкер Ж-мен араларындағы некенің бұзылғанын көрсетіп, заңды некеде болған кезде сатып алынған сиыр малдарын ортақ мүлкі деп танып, одан үлесін анықтап беруді сұраған.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 4-бабына сәйкес, дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесу азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттерінің бірі болып табылады. Осыған орай, істі сот талқылауына дайындау барысында, сотпен тараптарға дауды татуласу рәсімдері арқылы шешу құқықтары, оның тәртібі мен құқықтық салдары түсіндірілген.
Осыдан соң тараптар, Азаматтық процестік заңнамадағы даулар мен жанжалдарды альтернативті түрде шешу тәсілдерінің бірі- татуласу келісімін таңдап, сотқа өзара жасасқан татуласу келісімін бекіту үшін ұсынып, іс жүргізуді тоқтатуды сұраған.
Татуласу келісіміне сәйкес, тараптар ортақ мүлікті бөлу туралы өзара келіскен.
Сот ұйғарымымен келісім бекітіліп, іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.

Арал аудандық сотының баспасөз қызметі
09 қараша 2022 ж. 495 0