Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тараптар дауды бейбіт жолмен реттеді

Тараптар дауды бейбіт жолмен реттеді

Арал аудандық сотында талап қоюшы «Дебиторлармен жұмыс жасау бюросы» ЖШС-нің жауапкер А-дан банктік несие қарызын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 4-бабына сәйкес, дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесу азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттерінің бірі болып табылады. Осыған орай, істі сот талқылауына дайындау барысында, сотпен тараптарға дауды татуласу рәсімдері арқылы шешу құқықтары, оның тәртібі мен құқықтық салдары түсіндірілген.
Осыдан соң тараптар, Азаматтық процестік заңнамадағы даулар мен  жанжалдарды альтернативті түрде шешу тәсілдерінің бірі- татуласу келісімін таңдап,  сотқа өзара жасасқан татуласу келісімін бекіту үшін ұсынып, іс жүргізуді тоқтатуды сұраған. Татуласу келісімінің шарттары бойынша, жауапкер берешек несие қарызын талап қоюшымен өзара келісілген уақытта бөліп төлеуге уағдаласқан.
Сот ұйғарымымен татуласу келісімі бекітіліп, іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.

Арал аудандық сотының баспасөз қызметі
28 желтоқсан 2021 ж. 689 0