Бүгінгі таңда Қазақстанның Журналистер одағының мүшесі, танымал ақын, журналист Ж.Жақыптың 80 жылдық мерейтойына орай, "Айсәуле" балалар шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен "Жұпар жырлары жүрегімде" атты әдеби байқау өтті. Бұл игі шара жас ұрпақты поэзияға баулу, ұлттық әдебиетті насихаттау және Ж.Жақыптың шығармашылығын кеңінен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды.Іс-шараға ауданымыздың зиялы қауым өкілдері, елге белгілі азаматтар қатысты. Олардың қатарында Қазақстан Журналистер одағының мүшелері – Т.Абылаев,Б.Сәдуақасов, А.Елеш, А.Сайлауов секілді қаламгерлер болды. Белгілі ұстаз, қоғам қайраткері Е.Абдуллаев ағайымыз да байқаудың тізгінін ұстай отырып, қатысушыларға ізгі тілегін білдірді. Қонақтар Ж.Жақыптың шығармашылығы туралы жүрекжарды лебіздерін айтып, оның қазақ әдебиеті мен журналистикасына қосқан үлесін ерекше атап өтті. Байқауға аудан мектептерінен дарынды оқушылар қатысып, ақынның жырларын мәнерлеп оқу арқылы өз шеберліктерін сынға салды. Қазылар алқасы қатысушылардың көркемсөз оқу шеберлігіне, өлеңді түсініп оқуына, дауыстық мәнері мен сахнада өзін ұстау мәдениетіне ерекше назар аударды.
Байқаудың қорытындысы бойынша шәкіртім, 6-сынып оқушысы Алпысбаева Аяла ақынның өлеңін ерекше шабытпен орындап, көрермендердің ықыласына бөленді. Оның орындаушылық шеберлігі мен көркем сөзді жүрекпен сезінуі қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Нәтижесінде, Аяла жүлделі I орынды жеңіп алып, зор жетістікке қол жеткізді.


Айнур Абужалиевна