Келіндер сайысы өткізілді
”Жақсықылыш” бастауыш партия ұйымы “Ұлттық Мұра” партиялық жобасы аясында партия мүшелерінің арасында “Пай-пай, қазақтың келіндері-ай” тақырыбында келіндер сайысын өткізді. 
Ұйымдастыру барысында келіндер сайысы  4 кезең бойынша өткізілді. 
1) “Сәлемменен басталар сөз атасы”
2) “Сыр сандық” 
3) “Өнегелі келін-өнерлі келін” 
4) “Бармағынан бал тамған” ( ұлттық тағамдарды әзірлеу) 
Келіндер сайысқа белсене қатысып, өз өнерлерін паш етті. 
Қорытындылау барысында келіндер бәйгесінде оза шауып 1,2,3-ші орын иеленген партия мүшелеріне арнайы Диплом мен сыйлықтары беріліп, барлық қатысушыларға “AMANAT” партиясының алғыс хаттары мен сый-сыяпаттары табысталды.
#AMANAT
		




		
		



