Қазақстан әлемдегі 50 бақытты елдің қатарына кірді

Фото: stolica58.ru
Рейтингтің бірінші орнын қатарынан сегізінші рет Финляндия иеленді. Сонымен қатар Дания, Исландия, Швеция және Нидерланды үздік бестіктен орын алды.
Бақыт деңгейі бойынша алғашқы 20 елдің қатарына Коста-Рика, Норвегия, Израиль, Люксембург, Мексика, Австралия, Жаңа Зеландия, Швейцария, Бельгия, Ирландия, Литва, Аустрия, Канада, Словения және Чехия кірді.
Қазақстан 43-орынға жайғасты, осылайша Ресейді, Қырғызстанды, Тәжікстанды, Арменияны, Грузияны және Әзірбайжанды артта қалдырды. Украина 111-орынға ие болды.
Ең бақытсыз ел ретінде тағы да Ауғанстан аталды. Одан кейінгі орындарға Сьерра-Леоне мен Ливан жайғасты.
Бұл рейтинг алты негізгі көрсеткішке негізделіп жасалды:
Жан басына шаққандағы ЖІӨ (ІЖӨ);
Өмір сүру ұзақтығы;
Жомарттық деңгейі;
Әлеуметтік қолдау;
Еркіндік;
Маңызды өмірлік шешімдерді қабылдаудағы сыбайлас жемқорлықтың әсері.
Сонымен қатар ТМД елдерінен бірде-бір қала әлемнің үздік гастрономиялық қалаларының қатарына енген жоқ.
Фото: Нұрболат Нұржаубай