Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан ТМД-дағы ең бақытты мемлекет атанды

Қазақстан ТМД-дағы ең бақытты мемлекет атанды

Қазақстан әлемдік бақытты мемлекеттер тізімінде 40-орынға тұрақтады. Осылайша еліміз 5 сатыға жоғарылап, ТМД елдерінің барлығын басып озды, деп хабарлайды Stan.kz.

Рейтинг 2019-2021 жылдар аралығында жүргізілген сауалнама нәтижесін көрсетеді. Сауалнамаға әлем бойынша 9 миллион адам қатысқан.
Бесінші жыл қатарынан Финляндия ең бақытты мемлекет атанды. Алғашқы ондыққа Дания, Исландия, Швейцария, Нидерланды, Люксембург, Швеция, Норвегия, Израиль мен Жаңа Зеландия енді.
АҚШ 16-орынға тұрақтаса, 17-орында Ұлыбритания, Біріккен Араб Әмірлігі мен Сауд Арабиясы 24 және 25-орындарды иеленді.
Қазақстан тізімде 5 сатыға көтеріліп, 40-орынға тұрақтады. Осылайша еліміз ТМД елдерінің барлығын басып озды. Өзбекстан 53-орынға, Молдова Республикасы 62-орынға, Қырғызстан 64-орынға, Беларусь 65-орынға, Ресей 80-орынға, Армения 82-орын, Тәжікстан 83 және Әзірбайжан 92-орынға тұрақтады.
24 наурыз 2022 ж. 505 0