Толқын » Қоғам » Қазақстан ТМД-дағы ең бейбіт ел атанды
Қазақстан ТМД-дағы ең бейбіт ел атанды
Қазақстан "Экономика және әлем институты" аналитикалық орталығы жариялаған жаһандық бейбітшілік индексінде (Global Peace Index) 70-ші орынды иеленді. Қазақстанды посткеңестік кеңістіктегі ең бейбіт ел деп атады. "Қазақстан – "Ресей және Еуразия" тобындағы (оған ТМД елдері кірді) ең бейбітшілікті сүйетін ел және 2020 жылғы рейтингте 70-ші орынды иеленеді. Алайда "күзет және қауіпсіздік" көрсеткіштері бойынша күрт құлдырау байқалды", - делінген хабарламада. Молдова Қазақстаннан кейін – 71-ші орында, Қырғызстан – 93-ші орында, Беларусь – 94-ші орында, Грузия – 95-ші орында, Армения – 99-шы орында, Түрікменстан – 116-шы орында, Әзірбайжан – 120-шы орында, Украина – 148-ші орында тұр. 2019 жылы Қазақстан жаһандық бейбітшілік индексінде 64 орынға ие болды.