Татуластыру рәсімдері қолданылып аяқталған істер саны артқан

Ал тараптар татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді немесе дауды партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеу туралы келісімді жасап не осы Кодексте белгіленген тәртіппен өзге де тәсілдерді пайдалана отырып, дауды өзара талаптардың толық көлемінде не бір бөлігінде реттей алады.
Осыған орай, Арал аудандық сотында 2025 жылдың 1-тоқсанында 74 азаматтық іс татуластыру рәсімдері қолданылып аяқталған (2024 жылдың 1-тоқсанында 50 іс), оның ішінде 68 іс медиация тәртібімен, 3 іс партисипативтік рәсім тәртібімен және 3 іс татуласу келісімін жасау арқылы реттелген. 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда татуластыру рәсімдері қолданылып аяқталған істер саны 24 іске артқан.
Сонымен қатар, заңнамадағы татуластыру рәсімдерін қолдану саласын кеңейтетін «Сотқа дейінгі хаттама» жайындағы жаңашыл норманыңда қолданылып келе жатқанына үш жылдан аса уақыт болды. Осы уақыттары ол, даудың сотқа дейін реттелуіне қажеттілігі мен тиімділігін дәлелдеп келе жатыр. Мұны сот тәжірибесі де растайды.
Аудандық сотта тараптардың сотқа дейінгі хаттаманы толтыруы арқылы татуласуымен өткен жылдың 3-айында 40 талап қою аяқталса, 2025 жылдың 1-тоқсанында жаңашыл норманың артықшылықтарын 42 талап қою бойынша тараптар пайдаланған.
Арал аудандық соты