Жемқорлықсыз қоғам құру – әр азаматтың парызы

Сыбайлас жемқорлықтың мәні өте кең. Ол қоғамның экономикалық дамуын тежеп, мемлекеттік қызметтің тиімділігін төмендетеді, құқықтық мемлекеттің принциптерін бұзады. Сонымен қатар, ол қоғамдағы әлеуметтік әділетсіздік пен теңсіздікті күшейтеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – қоғам мен мемлекеттік органдардың бірлескен міндеті және бұл тек бір мемлекетке ғана тән емес. Бұл әлемдегі көптеген елдерде проблема болып табылады, және оның жаһандық деңгейде күрес жүріп келеді. Халықаралық ұйымдар, соның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), Халықаралық валюта қоры (ХВҚ), Әлемдік банк және басқа да ұйымдар сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша бірқатар бағдарламалар мен конвенциялар қабылдады. БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы (2003 жыл): Бұл құжат әлемдік қауымдастықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске деген міндеттемесін бекітеді.Еуропалық Одақ және басқа халықаралық ұйымдар: Олар сыбайлас жемқорлықты азайту мақсатында мемлекеттерге қаржылық және техникалық көмек көрсетеді.
Біздің елімізде де осынау келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық.
Соның бірігейі болып табылатын2015 жылдың 18 қарашасында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы қабылданып, онда сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір мемлекеттік органдар басшыларының, ел азаматтарының міндеті екендігі атап көрсетілді. Аталмыш заң, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған. Осы заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда .
Сондай-ақ, Қазақстанның 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы он жылдық стратегиясы, «Ақпараттық технологиялар мен ашықтықты арттыру» жөнінде және тағы да басқа сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, азаматтық қоғамда, жастар арасында насихаттау жұмыстарын жүргізу бағытында көптеген бағдарламалар да қабылданды. Стратегияның мақсаты-мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әр жылдардағы Қазақстан халқына жолдауында халықтың өміріне әсер ететін барлық салаларға тоқталып, мәселелерді шешу және дағдыны дамыту бойынша бір қатар тапсырмалар беруде. Оның ішінде біз сөз етіп отырған сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі төңірегінде қолға алынатын жаңа бастамалар да бар.
Осыған орай, Заңмен Жолдауда айтылған сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін жазаны қатаңдату және оған қарсы іс-қимылдың жаңа құралдарын енгізу туралы тапсырмалар іске асырылып, сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағандарға жаза күшейді. Атап айтқанда жемқорлық әрекеті үшін сотталған азаматтарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салынды және соттарға құқық қорғау қызметкерлеріне, пара бергендерге және делдалдарға қатаң жаза қолданылатын болды.
Десе де, жемқорлық фактілерінің әлі күнге дейін тиылмай келе жатқандығы ешкімнен жасырын емес.
Сыбайлас жемқорлық — тек құқықтық немесе экономикалық мәселе ғана емес, ол әлеуметтік әділеттілікке нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс. Онымен күресу үшін заңдарды нығайтып, қоғамдық бақылауды күшейту қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды құрамдас бөлігі — әрбір адамның жеке жауапкершілігі мен қоғамдағы әділдік пен ашықтықты сақтау. Жемқорлықты жою арқылы ғана біз құқықтық мемлекет пен әлеуметтік әділетті қоғам құра аламыз.
Ұлы Абай атамыз «Ұрпағыңызға асыл мұра ретінде арсыздықты әкелетін бай¬лықты емес, тәрбие, білім, имандылықты қалдыр» деген екен. Сыбайлас жемқорлық – адам табиғатының бұзылуына, адамгер¬шіліктің тапталуына, адамдардың бөлінуіне әкеледі. Бұл — қоғамдық сананың рухани жақтан емес, материалдық тұрғыдан дағдарысқа ұшырауы. Біз осыны түсініп, сыбай¬лас жемқорлыққа қарсы күресе отырып, өмі¬рімізді одан әрі жақсартып, адамгершілік, рухани байлығымызды жоғалтпай, өрке¬ниетті ел құруымыз керек.
Қ.Баймағанбетов,Арал аудандық сотының бас маманы
Фото: www.gov.kz