Қазақстандық 4 оқушы халықаралық математикалық олимпиадада ел намысын қорғайды

Зияткерлік сайыста әлемнің 60 елінен 240 оқушы бақ сынайды. Қазақстан құрамасын Алматы қаласындағы Haileybury Almaty халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы Арай Қасенова, Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Юлия Катунина, Алматы қаласындағы С.Ходжиков атындағы № 39 мамандандырылған лицейдің 11-сынып оқушысы Анар Дидарбекова және Аружан Қайрат таныстырады.
EGMO алғаш рет 2012 жылы Кембриджде (Ұлыбритания) өткізілді. Қазақстан командасы олимпиадаға 2017 жылдан бері қатысып келеді. Осы уақыт ішінде еліміздің құрамасы 3 алтын, 9 күміс, 11 қола медаль және 4 құрмет грамотасын жеңіп алған.
Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі