Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Үйін бердім»: Жігер Ауыпбаев жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді

«Үйін бердім»: Жігер Ауыпбаев жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді

Белгілі әнші Жігер Ауыпбаев бірінші отбасына қатысты тараған ақпаратқа нүкте қойды, деп хабарлады turkystan.kz.

Өнер иесі балаларымен қарым-қатынасы жақсы екенін және баспанасын беріп кеткенін айтты.

«Үйін беріп қойдым, бастысы. Үйсіз-күйсіз жүрген жоқ. Балаларыммен араласып тұрамыз. Менің пранк жасап жатқанымды хабардар. Үлкен балам өнерге жақын болғандықтан, әзіл ретінде түсінеді деп ойлаймын. Бет көріспей кеткен күніміз болған жоқ», – деді ол журналист Анна Данченкоға берген сұхбатында.

Ескс сала кетейік, әнші бұған дейін отбасылы болғанын, бірақ келіншегімен мінездері жараспағандықтан, екі жаққа кеткенін мәлімдеген болатын.


Фото: ашық дереккөзден алынды
02 мамыр 2025 ж. 45 0