Жұқпалы жедел ішек ауруларының алдын алу шаралары

Таралу жолдары-су, тағам және тұрмыстық қарым-қатынас арқылы. Бала күтімінің нашарлығы және сәбилерді қосымша тамақтандыру кезінде ас дайындаудағы тиісті ережелердің сақталмауы аурушаңдықтың сәбилер арасында тіркелуінің негізгі себептері болуы мүмкін.
Ауру қоздырғыштары қоршаған сыртқы ортада жақсы сақталады. Мысалы, ластанған ыдыста, топырақта- 3 айға дейін, тамақ өнімдерінде, оның ішінде сүт және ет өнімдерінде, салаттарда және т.б.)-бірнеше тәулік бойы, суда-5-6 күнге дейін сақталады. Сүт және сүт өнімдері, салат пен басқа да азық-түліктерде ішек жұқпаларының қоздырғыштары тек жақсы сақталып қана қоймай, сонымен қатар тамақ өнімдерінің дәмдік қасиеттерін өзгертпей-ақ, көбеюі мүмкін. Жедел ішек аурулары жыл мезгілінің барлық уақыттарында тіркеле береді, дегенмен жұқпаның жиі тіркелетін кезеңі жылдың мамыр-қазан айларының аралығы. Бұл мезгілдерде ауа-райы жылып, күн ысып, ауру қоздырғыштарының сыртқы ортада сақталып қана қоймай, тез бұзылатын тағам түрлері- ет, сүт, балық өнімдерінде, салаттарда, кремді, кондитерлік өнімдерде көбейе түсуіне қолайлы жағдай туады. Сонымен қатар жаз-күз мезгілдерінде топырақпен, тыңайтқыштармен ластанған көкөніс, жеміс-жидектерді жумай жеу аурудың көптеп тіркелуіне себепші болады.
Жұқпалы жедел ішек ауруларының алдын алу шаралары :
- Сәбилерді 1 жасқа дейін ана сүтімен емізу;
- Жеке бас тазалық шараларының қарапайым қағидаларын сақтау (ас ішер алдында , әжетханадан кейін қолды сабындап жуу);
- Суды тек қайнатылған түрде , сүтті пісірілген күйінде ішу. Көкөністер мен жеміс-жидектерді жидектерді мұқият жуу, қайнаған сумен шаю. Ас дайындауға , ыдыс жуу және ауыз су үшін ашық су көздерін-айдындардың, арықтардың суын пайдаланбау
- Дайындалған тағамдардың бетін ашық қалдырмау. Исі, дәмі бұзылған азық-түліктерді пайдаланбау. Тез бұзылатын тағамдарды тоңазытқышта сақтау
- Жиналып қалған лас- қоқыстарды уақытылы тазалап отыру. Ауру тасымалдаушысы - шыбындарға қарсы есік-терезелерді торлау, оларды жою;
-Қосымша тамақ берілетін нәрестелерге ас дайындау кезінде олардың аналарымен тиісті тазалық ережелерін қатаң сақтап, бала емізіп отырған аналардың өз тамақтану дағдысына мұқият болу.
А.Сатекеева,
Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының басшысы
Фото: Нұрболат Нұржаубай