Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жәрмеңкеде 22 тоннаға жуық өнім әкелді

Жәрмеңкеде 22 тоннаға жуық өнім әкелді

Кеше Арал қаласындағы «Саида» сауда үйі маңында тауар өндірушілердің өнімдерін тікелей халыққа жеткізу әрі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеге ауданға қарасты ауылдық округтерден жергілікті шаруалар 10 ға жуық көлікпен 22 тоннадай өз тауарларын әкелді.
Көпшіліктің көңілін көтерген шарада 1,2 тонна ет өнімдері, 80 литр шұбат, 600 кг мұздатылған, 10 дана ысталған балық өнімдері, 20 тонна көкөніс өнімдері ұн,азық-түлік өнімдері аудан тұрғындарына ұсынылды.
Жиналған халыққа жәрмеңкеге шығарылған ауылшаруашылығы өнімдерін нарық бағасынан 15-20 пайыз арзан алуға мүмкіндік туды.
"Толқын" ақпарат
18 мамыр 2025 ж. 59 0