Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан орталығында жәрмеңке өтті

Аудан орталығында жәрмеңке өтті

Бүгін қаладағы А.Байтұрсынов көшесіндегі «Арзан маркет» сауда үйі алдында аудандағы тауар өндірушілердің өнімін тікелей халыққа жеткізу мақсатында ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.
Молшылық мерекесіне ауданға қарасты ауылдық округтерден жергілікті шаруалар өз тауарларын әкелді.
Айта кетейік, жәрмеңкеге 1,2 тонна ет өнімдері, 100 литр шұбат, 3 тонна мұздатылған балық өнімдері, 30 тонна көкөніс өнімдері, ұн және азық-түлік өнімдері қала тұрғындарына төмен бағада сатылды.
Бұл жәрмеңкеге 10 жуық жүк көліктерімен 35 тоннадай ауыл шаруашылығы өнімдері жеткізіліп, сатылымға шығарылған өнімдер нарық бағасынан 15-20 пайызға арзандатылып, жергілікті халыққа  ұсынылды.
"Толқын" ақпарат
03 мамыр 2025 ж. 32 0