Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Өрт қауіпсіздігі – басты назарда

Өрт қауіпсіздігі – басты назарда

Жаңбырсыз жаз, шіліңгір ыстық дала өртін қаупін күшейтіп тұр. Сондықтан «Барсакелмес мемлекеттік табиғы қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері қауіпсіздік шараларын күшейтуде. Олар қорық аумағындағы орман-дала алқаптарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында төтеншеліктер өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді.
Жаттығу барысында «Барсакелмес мемлекеттік табиғи корығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік инспекторлары өртті болдырмау мақсатында орманды дала өрттерін сөндіру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес өрт туралы хабарлайды. Соған орай өрт-тактикалық оқу-жаттығу орнына Арал ауданы бойынша ТЖД және «Барсакелмес мемлекеттік табиғи корығы» РММ-нің өрт сөндіру және құтқару жұмыстары қызметінің күштері мен құралдары жіберілді. Яғни шартты өрт орнында өрт сөндіру штабы құрылып, арнайы техникасы көмегімен жергілікті жерді барлау және өрт ошақтарын анықтау жүргізілді.
Айта кетейік, осы оқу-жаттығуларға барлығы 15 бірлік арнайы техника және 83 қызметкер жұмылдырылды.
Ғалымжан БАЗАРБАЕВ,
«Барсакелмес мемлекеттік табиғы қорығы»
республикалық мемлекеттік мекемесінің
күзет бөлімінің басшысы
20 мамыр 2025 ж. 44 0