Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мас жүргізуші бір жылға бас бостандығынан айырылды

Мас жүргізуші бір жылға бас бостандығынан айырылды

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен азамат А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотталушы А. бұған дейін масаң күйде көлік тізгіндегені үшін Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, үстіміздегі жылдың 10 сәуірінде «NISSAN ALMERA» маркалы көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған.
Сотталушының бұл қылмыстық әрекеті, іс құжаттарымен және сотта өзінің айыбын мойындап берген жауабымен толық дәлелденген.
Сот үкімімен А. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Үкім заңды күшіне енбеген.
Арал аудандық соты
20 мамыр 2025 ж. 62 0