Кітапты сүйіп оқы, көңілге түйіп оқы!

Технология дамыған заманда бала үшін майшамның жарығымен кітап оқу ертегі секілді. Қазіргі таңда ақпаратқа қол жеткізу бұрынғыдай қиындық туғызбайды. Ғылымның дамуының арқасында, бұрын сан алуан оқулықтардан алатын ақпараттарды интернеттен де ала аламыз.
Бұл жағдай балалардың оқу дағдыларына әсер етіп, кітапқа деген көзқарасты түбегейлі өзгертті. Білім мен өнерге қолжетімділік артқанымен, бұл үрдіс дәстүрлі кітап оқу мәдениетін кейінге ысырып тастауда.
Жастардың кітап оқуға деген қызығушылығы туралы пікір әртүрлі.Біреулер жастар тек ғаламторға үңіліп, әлеуметтік желілермен ғана шектеледі десе,енді бірі керісіншецифрлық форматта да, қағаз кітап түрінде де білім алуға болатынын айтады. Соңғы жылдары жастар арасында электронды кітаптарға мен подкаст форматындағы әдеби мазмұндарға деген сұраныс айтарлықтай артты.
Алайда бейнематериалдар, аудиокітаптар мен интернеттің кең таралуы жастар арасында кітап оқуға деген қызығушылықты күннен-күнге азайтып жатыр. Дегенмен, кітап оқу – нағыз табыс пен жетістікке бастар жол . Кітап оқу адамның сауаттылығын арттырып қана қоймай, ойлау қабілетін дамытады, сөйлеу мәнерін жақсартады және тіл байлығын көбейтеді. Ол адаммен қарым-қатынас жасауға, қоғамдық ортада өз ойын нақты әрі сыпайы жеткізе алуға үйретеді. Бала кезден бастап кітаппен дос болса, кітапты тұрақты оқыса, болашақта көкірегі ояу, көзі ашық, жан-жақты тұлға болып қалыптасады.
Жасөспірімдер өзің-өзі тану үшін, өмірлік қиындықтарды түсіну үшін психологиялық және заманауи проблемалар мен әлеуметтік тақырыптар қозғалатын шығармаларға мысалы, Дулат Исабековтің «Гауһар тас», «Қарғын», Сайын Мұратбековтің «Жусан ісі», Бекежан Тілегеновтың «Қара жел» секілді романдарға үлкен қызығушылық тудырады.
Өзім оқыған кітап туралы айта кетсем, Роза Мұқанованың шығармалары. Оның туындыларында өткір моральдық, психологиялық және әлеуметтік тақырыптар қозғалады. Ұнаған шығармаларының бірі «Жарық дүние» атты туындысы. Бұл шығармада өмірдің өткіншілігі, адамның жалғыздығы, жақын жандармен айырылу сәттері көркем әрі шынайы түрде бейнеленді.
Күн сайын кітап оқып адам өзің өзі жітілдіріп және рухани байытады. Әрбір оқылған кітап тек білім беріп қана қоймай, адамның ішкі жан дүниесіне әсер етеді. Мәселен, ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбаев:
«Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ержетіп, ақыл ойлап, ойға түстім,
Талапты ер жігітке дес бермедім» жастарға уақытты босқа өткізбей, білімге ерте жастан ден қою керектігін айтады.