Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Маусым айының мерейлі даталары

Маусым айының мерейлі даталары

1маусым - Белгілі журналист Омар Әбдуалиев (1931-2004) туды.
                  *1959 жылы - Танымал дәрігер Әмірхан Жүсіпов туды.
2 маусым - Балықшы, қоғам қайраткері Күлпаш Бисенова (1926-2000) туды.
4 маусым - 1997 жылы аудандық Зейнетақы төлеу орталығы құрылды.
5 маусым - 1948 жылы дирижер, музыкант Қарасай Сайжанов туды.
6 маусым - Арал ауданының 1996-1999 жылдардағы әкімі Алашыбай Баймырзаев (1951-2024) туды.
7 маусым - Балық кәсіпшілігінің ұйымдастырушы Өтеп Өтеғұлов (1883-1955) туды.
11 маусым - 1919 жылы Аралда банк бөлімшесі ашылды.
12 маусым - Көрнекті журналист Мәлік Сарсенов (1930-1972) туды.
13 маусым - 1963 жылы Арал аудандық мұрағаты ашылды.
14 маусым - Кәсіптік білім беру саласының майталманы Жеңіс Қосымов (1942-2014) туды.
15 маусым - 1971 жылы техника ғылымдарының докторы Гүлнар Имашева дүниеге келді.
16 маусым - Атақты кеме капитаны Айнаш Айдаулетов (1888-1956) туды.
17 маусым - 1957 жылы денсаулық саласының саңлағы Арғынбай Асанбаев туды.
18 маусым - Атақты ұшқыш Дулан Дәрменов (1939-1985) туды.
19 маусым - 1966 жылы дарынды өнерпаз Серік Жаңабаев туды.
22 маусым - 1951 жылы физика-математика ғылымдарының докторы Серік Алдашев туды.
23 маусым - Журналист, қоғам қайраткері Әбдірахман Байтақанов (1906-1992) туды.
25 маусым - 1988 жылы Арал аудандық өлкетану музейі ашылды.
26 маусым - 2004 жылы Кердері-2 кесенесі табылды.
28 маусым - Даңқты майдангер Яков Клишин (1908-1956) туды.
29 маусым - Балық кәсіпшілігінің ұйымдастырушысы Уәйіс Қосымов (1887-1966) туды.
30 маусым - 1992 жылы Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарға әлеуметтік қолдау туралы Заң қабылданды.  

Фото: Нұрболат Нұржаубай
03 маусым 2025 ж. 41 0