Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Балық аулау қағидасын бұзған

Балық аулау қағидасын бұзған

Арал аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 383 бабының 3 бөлігімен азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы А. 2025 жылдың 20 мамыр күні, сағат 05:50 шамасында, Кіші Арал теңізінің №10 учаскесінде балық аулауға тыйым салынған аймақта, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің 27 ақпан 2015 жылғы №18-04/148 санды бұйрығымен бекітілген балық аулау қағидасын бұзып, 2 дана синтетикалық моно талшықтан жасалған қытай ауларымен балық аулап, қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері жоқ әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.
Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі іс құжаттарымен дәлелденген.
Сот қаулысымен құқық бұзушы С. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 383 бабының 3 бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 55 048 теңге әкімшілік айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.
Сондай-ақ, құқық бұзушыдан мемлекет пайдасына табиғатқа келтірілген залал 11 796 теңге өндірілді.

Арал аудандық соты.


11 маусым 2025 ж. 42 0