Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ардагерім – ардағым

Ардагерім – ардағым

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету адамгершіліктің ең жоғарғы қасиеттерінің бірі болып саналады. Қай халықтың болмасын түпкі тамырында үлкенді сыйлап, құрмет көрсету тереңде жатыр.
Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Ортада жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан-жақты қамқорлық жасалуда.
Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы.
Осыған орай партияның "Ардагерлерді ардақтайық" жобасы аясында «Жетес би» бастауыш партия ұйымы бірқатар ардагерлермен кездесу кешін өткізді.
#AMANAT
12 маусым 2025 ж. 40 0