Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » КӨЛІКТЕГІ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ

КӨЛІКТЕГІ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ

Ауданымызда соңғы уақытта жеңіл автокөліктерде орын алған өрт оқиғаларының өсу динамикасы байқалады. Әрине, бұл факторға соңғы жылдары көлік санының ұлғаюы да тікелей әсерін тигізуде. Сол себепті автокөлік иелеріне өрт қауіпсіздігі жөнінде түсіндірме жасау міндетіміз.Автокөлік қауіпсіздігінің маңызды элементтерінің бірі – оның өрт қауіпсіздігі болып табылады. Көліктегі өрт немен қорқынышты? Жалындаған от бірер секундта автокөлікті отпен орап қана қоймай, сонымен бірге маңында орналасқан объектілерге де көшуі мүмкін. Автокөліктердегі ірі өрттер қайдан туады? Автокөліктерде орын алған өрт оқиғаларына талдау жасау барысында, өрттердің негізгі себептері – көп жағдайда өрттің автокөліктің электр құрылғыларының қысқа тұйықталуы мен жанар-жағар май жүйесінің ақаулығынан шықса, қысқы кезеңде ашық отты пайдаланып, қыздыру салдарынан орын алады. Автодағы тұтанулар көлік бекетінде ғана емес, қозғалыс кезінде де болады. Өйткені, жол көлігінде жанар-жағар май материалдары мен тұтануға әкелетін от көздері аз емес, сондықтан әрқашанда өрт туу ықтималдылығы жоғары. Сол себепті құрметті жүргізушілер, өрттер мен қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін Сіздерге төмендегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет:
– Автокөліктің электр желілері мен механизмдерін жұмысқа жарамды жағдайда ұстау қажет;
– Гараж бен қозғалтқышты жылыту мақсатында ашық от көзімен, қолдан жасалынған электр жылытқыш құралдарын пайдалануға болмайды;
– Гараж ішінде тез жанатын материалдардан жасалған үй мүліктерін, сонымен қатар тез тұтанғыш сұйықтықтар мен жанғыш газдар сақтауға болмайды.
– Өрт шыққан жағдайда тез арада автокөлікті тоқтатып, қозғалтқышты өшіріп, аккумуляторды ажыратып, автокөліктегі жолаушыларды қауіпсіз жерге көшіріп «101» телефоны арқылы хабарлап, өрт сөндіргіш құралдарымен өртті сөндіруге әрекет жасау керек;
– Көліктің ақаулы жерін байқаған жағдайда тез арада оны қалпына келтіру қажет. Тек зауытта жасалған сақтандырғаштарды пайдаланыңыздар.
– Көлігіңізде орналасқан өрт сөндіргішті уақытылы қайта зарядтап, жарамдылығын тексеріп отырыңыз.
Электросамокаттар және электроскутерлерді пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігін ережелер сақтаған жөн:
– Тек сапалы зарядтағышты қолданыңыз. Түпнұсқа немесе өндіруші ұсынған құрылғыларды пайдаланыңыз. Арзан,  сапасыз адаптерлер қызып, өртке себеп болуы мүмкін.
– Түнде немесе қараусыз кезде зарядтамаңыз. Зарядтау процесінде самокатты бақылау маңызды. Түнде немесе үйде жоқ уақытта зарядтамаңыз.
– Желдетілетін жерде зарядтамаңыз. Тар, ауа айналымы нашар орындарда аккулятор қызып, өрт қауіпін арттырады.
– Сыртқы зақымдалған батареяны пайдаланбаңыз. Ағып жатқан, ісінп кеткен немесе зақымдалған батареялар – өрт қауіпті болады.
– Суға тиген самокатты бірден қоспаңыз. Ылғал батареяның қысқаша тұйықталуына және тұтануына себеп болуы мүмкін.
– Самокаттарды қараусыз қалдырмаңыздар. Күн астында немесе, балкондарда және ашық от көзі бар орындарға қоймаңыз.
ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН!
Электросамокаттардың негізгі қауіпі – литий-ионды батареялардан туындайтын қызып кету және тұтану.

Арал ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі
                       
18 маусым 2025 ж. 44 0