Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Фракция мүшесі сайлаушылармен кездесті

Фракция мүшесі сайлаушылармен кездесті

Бүгін "AMANAT" партиясы Арал аудандық филиалы "Энергосеть" бастауыш партия ұйымында Арал аудандық мәслихаттағы "AMANAT" партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ембергенова Нұрсауле Сайлауқызы тұрғындармен кездесті.

Кездесу барысында фракция мүшесі Нұрсауле Сайлауқызы, сайлаушылар алдында жыл басынан бері атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

Сондай-ақ алдағы уақытта, сайлауалды бағдарламасында көрсетілген мақсат-міндеттер мен сайлаушылар аманатын орындау үшін атқарушы органдармен бірлесіп жұмыс жүргізетінін жеткізді.
Кездесу соңында сайлаушылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, сұрақтарына тиісінше жауаптар берілді.

#AMANAT
20 маусым 2025 ж. 38 0