Фракция мүшесі сайлаушылармен кездесті

Кездесу барысында фракция мүшесі Б.Алипов сайлаушылар алдында жыл басынан бері ауданда атқарылып жатырған жұмыстармен таныстырды.
Сондай-ақ, алдағы уақытта сайлауалды бағдарламасында көрсетілген мақсат-міндеттер мен сайлаушылар аманатын орындау үшін атқарушы органдармен бірлесіп жұмыс жүргізетінін жеткізді.

Кездесу соңында сайлаушылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, сұрақтарына тиісті жауаптар берілді.
#AMANAT