Былапыт сөйлегені үшін 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды

Арал аудандық сотында ӘҚБтК-нің 461-бабының 1-бөлігімен, яғни қорғау нұсқамасын бұзған азамат Б-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Сот талқылауы барысында анықталғандай, Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңының 20-бабына сәйкес, полиция қызметкерімен құқық бұзушыға қатысты қорғау нұсқамасы толтырылып, ол бойынша құқық бұзушыға жәбірленушінің денсаулығына зиян келтіретін немесе психикалық залал келтіретін әрекеттер жасауға тыйым салынған.
Алайда, азамат Б. алкогольдік масаң күйде апасына былапыт сөздер айтып, мазасын алып, қорғау нұсқамасының талаптарын бұзған.
Сот қаулысымен Б. жасаған құқық бұзушылығы үшін кінәлі деп танылып, 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.
Қаулы заңды күшіне енбеген.
Арал аудандық соты