Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Арал аудандық сотында азамат А-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы А. 19.06.2025 жылы Арал ауданының аумағына қарасты «Каз-06 - Қарабұтақ - Қызылорда -Шымкент» тас жолында «Toyota Camry» маркалы көлік құралын басқарып бара жатқан кезде полиция қызметкерлерінің тоқтату туралы заңды талабына бағынбаған.
Аталмыш факті бойынша А-ға қатысты ӘҚБтК-нің 667-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.
Сотта құқық бұзушы А. өз кінәсін толық мойындаған.
Сот қаулысымен құқық бұзушы А. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 667-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 1 тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Арал аудандық соты


26 маусым 2025 ж. 44 0