Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 28, 29, 30 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ел аумағының басым бөлігіндегі ауа райына циклон және атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді. Соның әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында бұршақ жауып, күшті жаңбыр жаууы мүмкін.
    "Республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Сонымен қатар, жел күшейеді, елдің оңтүстік өңірлерінде шаңды дауыл соғуы мүмкін", - деп жазылған хабарламада.

Ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді: күндіз термометр бағандары батыс, солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарда 18-28 градус жылыны, орталық және шығыс өңірлерде 20-33 градус жылыны, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөліктерде 27-38 градус жылыны көрсетеді.

massaget.kz
29 маусым 2025 ж. 33 0