Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

Болжам бойынша, еліміздің басым бөлігіне циклон және оған байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етеді.
Осыған байланысты Қазақстанда ауа райы тұрақсыз болады — найзағайлы жаңбыр жауады, ал солтүстік пен шығыста нөсер күтіледі. Сондай-ақ солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде бұршақ жаууы ықтимал, - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
Ал батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде антициклонның ықпалынан жаңбыр жаумайды.
Жалпы республика бойынша жел күшейеді. Солтүстік пен шығыста — дауыл, ал солтүстік-батыста түнде және таңертең — тұман түседі.
Алматы облысында күндізгі ауа температурасы +35° дейін ысиды.
Қызылорда облысында ауа температурасы +40°-қа дейін көтеріледі.
Ұлытау облысында және Жетісу облысының шығысы мен солтүстігінде +35…+37° ыстық болады.
Жоғары өрт қаупі: Маңғыстау, Атырау, Алматы облысының оңтүстігі мен шығысы, Ақмола облысының батысы, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен орталығы, Ақтөбе облысының оңтүстігі мен оңтүстік-шығысы, Ұлытау облысының орталығы.
Төтенше өрт қаупі: Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Жетісу, Алматы (солтүстік, батыс, орталық), Қарағанды (батыс, шығыс, оңтүстік), Ұлытау, Ақтөбе (орталық), Маңғыстау (солтүстік-батыс), Қостанай (оңтүстік-батыс), Абай облысының оңтүстігі.
Фото: baq.kz