Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда тағы бір құжатты онлайн алуға болады

Қазақстанда тағы бір құжатты онлайн алуға болады

Қазақстандықтар тағы бір құжатты электрон форматта ала алады. Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Талғат Уәлидің айтуынша, бұған дейін нотариустың атқарушылық жазбасы тек қағаз түрінде рәсімделетін. Оны алу үшін азаматтар нотариусқа барып, құжаттардың түпнұсқаларын ұсынуы, содан кейін сот орындаушыға жүгінуі қажет болатын.

"Нотариустың атқарушылық жазбасы - қарызды мәжбүрлеп өндіру үшін қажет құжат. Яғни борышкерден ақша немесе мүлік өндіру мақсатында нотариус арнайы белгі - атқарушылық жазба жасайды", - деп түсіндірді ол.

Енді бұл рәсім жеңілдетілді: атқарушылық жазба нотариустың электрон цифрлық қолтаңбасы арқылы электрон форматта рәсімделеді. Бұл құжат қағаз нұсқасымен бірдей заңды күшке ие.

Фото: massaget.kz
11 шілде 2025 ж. 46 0