Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарызсыз қоғам жарқын болашаққа бір қадам!

Қарызсыз қоғам жарқын болашаққа бір қадам!

Құрметті аудан тұрғындары!

Арал аудандық отбасын қолдау орталығы «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» қаржылық сауаттылықты арттыру жобасының Жол картасын іске асыру шеңберінде кредиттері бар халықпен, атап айтқанда кредиттерді төлеу бойынша 90 күн берешегі бар адамдармен (мерзімі өтіп кеткен) қаржылық сауаттылығын кеңінен оқытылуы іске асырылуда.

«Қарызсыз қоғам» жобасының мақсаты қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізу және қарыздардан арылуға көмектесу. Жоба халықтың қаржылық сауаттылық деңгейін артыруға және өздерінің қарыз жүктемелерін жеңілдетуге үйретуге бағытталған.
Осы бағытта біз қаржылық мәселелерді шешуге көмектесіп қана қоймай, тұрақты болашақ құру үшін керекті дағдыларды қалыптастыруға қолдау көрсетеміз.
Біз әр адам өз қаржыларын сенімді басқарып, қарыздардан аулақ болуға ұмтылатын қоғам құруды мақсат етеміз, сол себепті «Қарызсыз қоғам» жобасына тіркелу үшін Арал аудандық отбасын қолдау орталығына жолығуларыңызды сұраймыз.

Меке-жайымыз: Арал қаласы, Шохан Уәлиханов тұйығы 2 А,
Байланыс телефондары 2-65-98, 8 702 246 90 07

25 шілде 2025 ж. 48 0