Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Темірмен жұмыс – жүрекпен жасалатын жұмыс

Темірмен жұмыс – жүрекпен жасалатын жұмыс

2025 жыл – еліміз үшін ерекше жыл. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды «Жұмысшы мамандар жылы» деп жариялады. Бұл – қолынан іс келетін шеберлердің, нағыз еңбек адамдарын қолдау мен көтермелеу жылы. Себебі қазіргі әлемде ел экономикасының тірегі – жұмысшы мамандар.
Бүгінде барлық салада – өндіріс, құрылыс, көлік, энергетикада – білікті, тәжірибелі мамандарға сұраныс артып отыр. Сол маңызды мамандықтардың бірі – дәнекерлеу ісі.
Дәнекерлеу – жоғары дәлдік, ұқыптылық пен жауапкершілік талап ететін күрделі де қызықты мамандық. Шын мәнінде, дәнекерлеуші – темірмен тілдесетін адам. Ол әрбір тігісті, әрбір жалғауды көзбен өлшеп, жүрекпен сезіп жасайды.
Бүгінде дәекерлеуші мамандығына сұраныс жоғары. Өнеркәсіп, көлік, құрылыс, кеме жасау, мұнай-газ, энегретика салаларында бұл кәсіп иелерінің орны ерекше.
Қарапайым көзге көрінбейтін дәнекерлеу жұмыстарының арқасында көпірлер тұрғызылады, теміржолдар салынады, зауыттар іске қосылады. Дәнекерлеуші еңбегі – инженерлік ой мен шебер қолдың бірлігі. Бұл мәңгілікке жалғасатын «металл достығының» негізі.
Өтегенов ҚАРЖАУБАЙ,
Арал индустриалды- техникалық колледжінің
Өндірістік оқыту шебері

Фото: www.gov.kz
26 шілде 2025 ж. 60 0